Серіктестік артықшылықтары
«Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» — 25 жылға жуық тарихы бар кәсіпорын. Диірмен комбинаты 1991 жылы элеватор негізінде құрылған. Кәсіпорын бірнеше жылдан бері Қазақстанның барлық аймақтарына, сондай-ақ жақын шетел мемлекеттеріне: Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Грузия және Ауғанстанға ұн мен макарон өнімдерін жеткізіп келеді.
Компания бөлшек сауда үшін де, көтерме сатып алушылар үшін де ұнның тұрақты жоғары сапасына кепілдік береді.
Өндіріс процесі ISO 22000 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесіне сәйкес құрылған. Ұн тарту үшін Ocrim және Buhler италиялық және швейцариялық диірмен кешендері пайдаланылады.
Ұнды дәрумендер мен минералдармен байыту Alpha микродозаторларын қолдана отырып, Elcovit 28190 премиксімен жүзеге асырылады. Өнімдер мен жабдықтар сертификатталған.