«Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» – 25 жылдық тарихы бар кәсіпорын.
Диірмен комбинаты Қазақстан үкіметі мен Азия даму банкі әзірлеген ұнды фортификациялау (байыту) жобасына алғашқылардың бірі болып қосылды. Жобаның мақсаты, біздің қызметіміз сияқты, халықтың тамақтану сапасын арттыру болып табылады.
«Granum» ұны Ocrim және Buhler италиялық және швейцариялық диірмен кешендерінде шығарылады.
Сіздің денсаулығыңыз үшін!
Тұрақты сапа
«Granum» ұнының сапа көрсеткіштері МЕМСТ (ГОСТ) белгілеген талаптардан жоғары, өйткені ол іріктелген астықтан, заманауи жабдықтарда, өндіріс режимдерін қатаң сақтай отырып өндіріледі. Біздің мамандар күн сайын екі зертханада шикізат пен ұнның сапасын тексереді. Барлық өндіріс процесі ISO 22000 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесінің стандарттарына сәйкес келеді.
Пайдалы тағам
«Granum» – ағзаға күнделікті қажетті дәрумендермен және минералдармен байытылған ұн. Ұнның әр түріне құрамында темір, мырыш, фолий қышқылы, B1, B2, PP дәрумендері бар Elcovit премиксін қосамыз. Мысалы, «Granum» ұнының құрамындағы темір (Fe) жасушалардың оттегімен қамтамасыз етілуін жақсартады, бұл иммунитетті арттырып, зат алмасуды тездетеді.
Ерекше тартылымдар
«Granum» ұнының таңдауы ең талғампаз аспаздың да көңілінен шығады. Пісірілетін тағамдардың әр түріне – мейлі ол үлпілдеген аппақ бисквит пен тоқаштар, нан, сүйікті пельмен мен мәнті немесе жұқа құймақ болсын – ұнның ерекше құрамы таңдалған. Мысалы, ыстық тағамдарға арналған ұнның құрамында poritel (поритель) ферменті бар, ол қамырға жоғары серпімділік беріп, түюді жеңілдетеді.
Жоғары ақтығы
Пісіруді жақсы көретіндер мен аппақ әрі үлпілдеген ұнды бағалайтындар үшін біз «Granum» ұнының «Экстра» сортын енгіздік. «Экстра» сортты ұн өте нәзік тартылады және таза ақ түске ие болу үшін қосымша тазарту кезеңінен өтеді. Бисквитті және тәтті тоқаш өнімдерін дайындау үшін ең үздік таңдау!
Аялы алақаннан
Сіздің дастарқаныңызға!
Нан өнімдерін немесе тәттілерді пісіру кезінде әрдайым үлкен шабыт келеді. Өйткені бұл істе өзіңіздің аспаздық талантыңызды, қиялыңыз бен тапқырлығыңызды көрсетуге болады.
Үйде пісірілген нанның хош иісінен артық не көңіл-күйді көтеріп, суықта жылытып, отбасын бір дастарқан басына жинап, кішігірім мереке сыйлай алады. «Granum» ұнынан торт пісіру немесе пельмен түю – бүкіл отбасы үшін жағымды іс! Біз сіздер үшін жақындарыңызға ұнайтын қарапайым рецептерді іріктедік.
Сенімді серіктестік
«Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ұнды тікелей де, дистрибьюторлар арқылы да Қазақстанның барлық аймақтарына, сондай-ақ жақын шетелдерге жеткізеді. Біз әрқашан ынтымақтастыққа ашықпыз. Қазақстандық ұн – әлемдегі ең үздік ұндардың бірі екені белгілі. Ұнды дәрумендермен және минералдармен байыту оған қосымша құндылық береді, бірақ бұл тұтынушы үшін бағаға әсер етпейді.
Біз бөлшек сауда үшін де, көтерме сатып алушылар үшін де «Granum» ұны мен макарон өнімдерінің мәлімделген сапасына кепілдік береміз.